1994 жылы қайғылы оқиға болды. Роналд Опус есімді жас американдық өзіне қол жұмсауды ұйғарады. Өлер алдында мұндай қадамға баруына қаржылық қиындықтар мен ата-анасы кінәлі екенін айтады. Осыдан кейін тоғызыншы қабаттан секіріп кетеді.
Биік ғимараттардың терезесін жуумен айналысатындар жетінші қабатта сақтық үшін арнайы торды іліп қойғандығын білгенде, суицид жасаудың басқа әдісін ойлап табар ма еді. Алайда бала төменге қарай құлап келе жатқанда 8-ші қабаттың тұрғындарының бірінің атқан оғы баланың басына тиіп ол көз жұмады.
Роналдтың мәйітін тордан алып шығып, кім екенін анықтап жатқанда оқтан қайтыс болғаны белгілі болады. Полицейлер оқ атқан адамға абайсызда кісі өлтіру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп шешеді.
Ары қарайғы тексеру барысында жаңа жәйттарды анықтайды. Белгілі болғандай, ер адам өзінің әйелін атпақ болған. Алайда оқ әйеліне емес терезеге тиген. Бұл дегеніміз абайсызда кісі өлтіру айыбына тағы қасақана кісі өлтіруге оқталу бабын қосу деген сөз.
Ер адам әйелімен ұрысқанда ашу үстінде үнемі тапаншамен жұбайын қорқытады екен. Алайда қару оқталмағанын және ер адам әйелін қорқыту үшін ғана қолданатынын айтқан.
Жұбайлардың екеуі де қабырғада ілініп тұрған қару ешқашан оқталмағанын айтқан. Американың заңына сәйкес, енді тапаншаны кім оқтағанын іздеу қажет еді. Бөлмеге тек баласы ғана еркін кіре алатын. Полицейлер баласының достарына хабарласып көп ақпаратты білді.
Баласы әкесінің анасына үнемі қабырғада ілініп тұрған тапаншамен қорқытатынын білгеннен кейін оны оқтап қойған. Осылайша әкесі анасын атып тастап түрмеге отырады деп үміттенді. Алайда ата-анасы соңғы бір ай тату-тәтті тұрған. Бұл баласының жоспарын іске асырмаған. Осының барлығын ұйымдастырған баласы екенін білген әкесі ашуға булығып, баласының сазайын беруге бекінгенде, баласының бір қабат жоғары тұратыны белгілі болды.
Өзіне қол жұмсаған Роналд Опус солардың баласы болып шықты. Тапаншаны Роналд оқтағаны белгілі болды және арам пиғылы өзіне қарсы жасалды.
Дайындаған: Әсем Әлмұханбет