Қытай Халық Республикасының интернет ақпарат құралдарының ішіндегі ықпалды, таралымы кең электронды ақпарат құралдарының бірі болып саналатын Шинлаң (sina.com.cn) сайтында Қазақ халқының салт-дәстүрін бұрмалау, қорлау, және мазақ ету мақсатымен жазылған мақала жарық көрді. «Естелік» ретінде жазылған мақаланың авторы Хұң Бау: «Қазақ қонақшыл халық, қонағын күткені сондай қонағына қой сойып, ет беріп күтумен қоймай, қойнына ұзатылмаған үлкен қызын салып береді!» деп, Қазақтың салт-дәстүрінде жоқ, Қазақ халқының ұлттық ар-намысына тиетін жалған оқиғаны өз басынан өткен шындық ретінде жариялады. Хұң Бау мырзаның қазақ халқын масқаралауға арналған осы өтірігі Қытай елінде тұратын қазақтарда ғана емес, сан ғасыр көрші отырған Қазақ елінің азаматтарының, бұндағы қазақтардың да ашу-ызасын туғызды.
Пікір қалдыру