Сенат та ЕАЭО келісімін бірінші оқылымда ратификациялады

/uploads/thumbnail/20170708154756656_small.jpg

Парламент сенаты бүгін пленарлық отырысында "Еуразия экономикалық одағы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы «Азаттық радиосы» хабарлады.

ЕАЭО (Еуразия экономикалық одағы) Ресей, Қазақстан, Беларусь мүше болып отырған Кеден Одағы негізінде құрылу көзделген экономикалық одақ. Одақ құру келісіміне үш елдің басшылары биыл 29 мамыр күні Астанада қол қойған. ЕАЭО қызметіне 2015 жылы 1 қаңтар күні кірісу жоспарланған.  ЕАЭО-да мынадай органдар – жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес, еуразиялық үкіметаралық кеңес, еуразиялық экономикалық комиссия және ЕАЭО соты жұмыс істейді.

Eaeo

Ресей мемлекеттік думасы Еуразия экономикалық одағы келісімшартын 26 қыркүйек күні ратификациялаған. Беларусь парламенті келісімді ратификациялау мәселесін бүгін қарайды.

ҚР Парламент палаталары мақұлдаған заң жобасы енді президенттің қол қоюына жіберілді.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар