Дэни Мэтерс есімді сәнбике спортзалдың киім ауыстыратын бөлмесінде 70 жастағы апайды жалаңаш күйінде фотоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған және астына «Егер мен қарай алмасам, яғни сіздерде көре алмайсыздар» деп жазған.

Бұл фото желі қолданушыларының наразылығын тудырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі New York Daily News-ке сілтеме жасап. Дэни Мэтерсті бірден таң ертеңгілік шоудан шығарып жіберді және елдегі фитнес клубтардың барлығы мәңгілікке залдарында жаттығуына тыйым салды. Дэни қазір түрмеде. Дэннидің онда отырғанына 1 жыл уақыт болды. Оқиға 2016 жылы болған. Сот шешімді 26-шы мамырда шығарады.
Дэни Мэтерс халықтың алдында кешірім сұрап, жазасын қоғамдық жұмыстарға ауыстыруын сұраған. Алайда сот бұл тілегін қанағаттандырмай тастады.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет