АҚШ Әділет министрлігі Ресейдің АҚШ-тағы өткен президент сайлау науқанына Ресейдің қатысы бар-жоғын тексеретін арнайы прокурор тағайындады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство хабарлағандай бұл қызметке АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросын (FBI) 2001-2013 жылдары басқарған Роберт Мюллер келді.
АҚШ бас прокурорының орынбасары Род Розенстайн мәлімдегендей қажетті тергеуді қадағалайтын сырттан тәуелсіз сарапшы тартылады.
Трамп пен Ресейдің байланысын тексеру туралы талап АҚШ президентінің 10 мамырда FBI басшысы Джеймс Комиды жұмыстан алуынан кейін туған.
Коми Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша экс-кеңесшісі Майкла Флинның Ресеймен қатынасын тексеріп бастаған. Ақүй болса Комидың жұмыстан қуылуын бас прокурор Джефф Сешнс пен Рода Розенстайннің ұсынысын себеп деп түсіндірген.
Дональд Трамп АҚШ тарихында FBI басшысын жұмыстан алған екінші басқолбасшы болды. 1993 Билл Клинтон өзінің FBI директоры Уильям Сешнсті жұмыстан алған.
Айта кететін болсақ, кеше Трамптың сайлаудағы басты бәсекелесі Хиллари Клинтон сайлау науқаны кезінде көтерген бастамаларын қолдау мақсатында жаңа саяси ұйым құрды. Ол 3 мамырда CNN телеарнасына берген сұхбатында өзінің сайлауда жеңілуіне ресейлік хакерлерді кінәлаған еді.