Ресейлік сайттарға тыйым салғаны үшін заңгер Порошенконы сотқа берді

/uploads/thumbnail/20170710071355709_small.jpg

Украиндық заңгер Роман Лихачев елдің Жоғары әкімшілік сотына Украина президенті Петр Порошенконың интернет басылымдарына қатысты санкцияларын заңсыз деп табуын сұрап арызданды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы заңгер өзінің Facebоok парақшасына жазды.

Айта кетейік, 16 мамырда Порошенко ресейліктерге қарсы экономикалық санкциялардың аясын кеңейтуге қатысты қол қойған бұйрығы жарияланды. Санкцияға ілінген тізімде бірнеше БАҚ, IT компаниялары, антивирусты бағдарламалар бар. Оның ішінде «Касперский» және Dr.Web, әлеуметтік желілерден Mail.ru Group, "ВКонтакте", "Одноклассники", "Яндекс" бар. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар