Ғажап! 500 грамдық сәбидің жүрегіне жасалған операция сәтті аяқталды

/uploads/thumbnail/20170710071422459_small.jpg

Үндістанда уақытына жетпейт 28-аптада дүние есігін ашқан сәбидің салмағы небәрі 470 грамм. Ол – жүрегіне жасалған операцияны жеңіп шыққан әлемдегі ең кішкентай бөбек.

Раджастан ауруханаларының бірінде дүниеге келген сәбидің көлемі адамның алақанындай ғана. Кішкентай болғаны соншалық, дәрігерлер алғашында қолдарын тигізуге үрейленген. Дүниеге келсе де, көздері жабық, толық дамымаған, терісі әлі де қағаз секілді еді.

2 апта өткен соң «Гитанджали» колледжі мен «Джеванта» ауруханасының дәрігерлері баланың тым әлсіздігіне қарамастан жүрегіне ота жасайды. Себебі, тыныс алу жүйесінде қиындықтар болған.

470 грамдық сәбидің жүрегіне ота жасау үлкен жауапкершілік, әрі қиынның қиыны. Оның үстіне, нәрестенің ағзасы да әлі дамымаған. Алайда дәрігерлер тәуекелге барды.

Нәрестеге операцияны жаңадан туған сәбилерге арналған арнайы хирургиялық құралдары бар интенсивті терапия бөлімінде жасады. Абырой болғанда, бәрі сәтті аяқталды. Сәбидің ата-анасы мен аурухана қызметкерлері бұл сәттілікті, нәрестенің аруды жеңіп шығуын ғажапқа балады.    

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар