АҚШ Сенатының ұлттық қауіпсіздік пен үкіметтік істер комитеті Вашингтондағы Ресей елшілігі ғимаратына қарсы көшеге Борис Немцов есімін беру туралы заң жобасын қолдады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Ресейдің оппозициялық саясаткері 2015 жылы ақпан айында Мәскеуде қастандықпен өлтірілген болатын.
BBC-дің орыс қызметінің жазуынша республикашылдар өкілі Марк Рубио. Висконсин-авенмен қилыс енді «Борис Немцов плаза» деп аталады және бұдан былай Ресей елшілігі осы адресті көрсететін болады.
Аталған заң жобасы күшіне енуі үшін АҚШ конгресі мақұлдауы тиіс болатын. Сондай-ақ президент Трамп қол қоюы керек.

Оппозициялық саясаткер Борис Немцов 2015 жылдың 27 ақпанында Мәскеудегі Васильев еңісінде қаза тапты. года. Оның өліміне 5 чечен айыпталды. Заур Дадаев, Анзор пен Шадид Губашевы, Темирлан Эскерханов және Хамзат Бахаев. Олардың барлығы сотта кінәсіз екенін айтқан.
Борис Немцов 1991 жылы Нижегород облысының бірінші губернаторы болып тағайындалған еді. Кейін Ресей үкіметіне ауысып, жанармай мен энергетика министрі (1997) үкімет төрағасының бірінші орынбасары (1997—1998) қызметтерін атқарған. 1998 жылы «Россия молодая» либералдық қозғалысын құрған, кейін «Правое дело» коалициясы (1998—2000) мен «Союз правых сил» партиясының негізін қалаған. Борис Немцов Ресей парламентіне де бірнеше мәрте сайланған, 1990 жылы РСФСР халық депутаты атанған, 1993 жылы Федерация кеңесіне өткен, 1999—2003 жылдары мемлекеттік Думаның депутаты, СПС фракциясының жетекшісі атанған. Оппозициялық «Солидарность» қозғалысының құрушысы, «РПР-ПАРНАС» партиясының тең төрағасы, Ресей оппозициясы үйлестіруші кеңесінің мүшесі болып келген. Аймақтық сайлауға да қатысып, 2013 жылы Ярославль облыстық думасына «РПР-Парнас» атынан депутат болып сайланған.
Борис Немцов Ресейдегі саяси ахуалды сипаттайтын «Путин. Итоги. 10 лет» және «Путин. Коррупция» кітаптарын жазған. Ол президент Владимир Путиннің кезіндегі ең ірі оппозициялық наразылық шараларына айналған «Марш несогласных» шеруі мен «За честные выборы» митингілерін ұйымдастырған еді. Кремльдің Батысқа қарсы саясатын ашық сынап келген Немцовтың әлеуметтік желілердегі жазбалары кең тарап, қызу талқылана бастаған болатын.