Иранның солтүстік-шығысында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде екі адамның қаңқасы шықты. Бұрында бұл жерде Теппе Хасанлу қаласы болған. Адамдар онда неолит дәуірінен бері тұрған. Соғыс кезінде қала толығымен қиратылған.

Біздің заманымызға дейін тоғызыншы ғасырда Теппе Хасанулу қаласын жау әскері қоршауға алып, тұрғындарды өлтіріп, кейбірін құлдыққа алып кеткен. Ғимараттардың барлығын өртеп жіберді.

Археологтар сүйісіп тұрған екі қаңқаны тапқан. Сараптаманың нәтижесіне сай, олардың бірі әйел, бірінің қаңқасы ер адамға тиесілі екені анықталды. Екеуі өрт кезінде көз жұмған.

Аударған: Әсем Әлмұханбет