"Кейбіреулеріңіз бұл бағдарламаны көрген де боларсыздар. Біздің түсіру тобымыз осы бағдарламаны дайындау барысында талай қызықты әрі қилы жағдайларды басынан өткерді. Ұжымға талай қызметкерлер келді, екі күн өтпей жатып, жұмыстан бас тартып кетіп жатты. Себебі телеарнада уақыт, шығармашылық, тапқырлық пен табандылық сияқты қасиеттер сыналады десем, мені осы саладағы әріптестерім қолдайтын шығар. Таңмен таласа тұрып жұмысқа жанталасамыз, сұхбат алатын кейіпкерлермен хабарласып, әр мекемеген хат жолдап, түсірілім алаңын белгілеу, қажетті көрнекілдер дайындаудың өзі біздің жұмыстың негізгі бөлігі. Журналисттік зертеу жасап, оны корытындылау да ұзақ уақыт талап етеді. Бағдарламаны ойнақы әрі түсінікті етіп жасау үшін біздің продюссерлер мен тілшілер біраз сынақтан өтті. Сан қилы тірлік иелерімен жолымыз тоғысып жатты. Бірінің өміріне қызығып қарасақ, екіншісінің тәлкек тағдырын көріп жағамызды ұстадық. «Кім білген?» бағдарламасын көпшілігіңізге танымал тележүргізуші Нуриддин Бидосовпен бірге тамашалайтын боласыздар. Эфирге жол тартқан жаңа жоба өз көрермендерін табады деп сенеміз!
Қамшы-ақпарат
