Қорғас базарына қолбайлау болып тұрған не?

/uploads/thumbnail/20170708154815907_small.jpg

«Қорғас» жобасы Қытай мен Қазақстан арасындағы 2004 жылы талқыланып, 2005 жылы құжат жүзінде сауда-саттық байланысқа құрылған келісім. Бұл жобаға жүзге жуық компания мен шет елдік және мемлекеттік өкілдер қызығушылық танытты.  Қорғас - шығыс қақпасы сонау төртінші ғасырдағы ұлы Жібек жолының бүгінгі жалғасы.  Бұл келісімнің тиімділігі жөнінде Елбасы : «Қытай біздегі шикізат өнімдерінен  электро энергия, жанар жағармайды өндіріп, арзан бағамен өзімізге қайтарады», - деді. Бұл жоба аясында жеке кәсіпкер немесе саудагер Қытай-Қазақ шекарасына еш визасыз  отыз тәулік ішінде емін-еркін кіріп-шығып, көтерме бағамен тұтынушыларға өз өнімін ұсынады. Бұл  біріншіден кәсіпкерлер үшін, екіншіден қарапайым   халық үшін тиімді. Әр адамға  1500 евродан артық қаражат жұмсауға болмайды және тауар салмағы 50 кг аспауы тиіс . Бүгінде шекара асу үшін шет елдік  төлқұжат міндетті. Ал құжатсыз емін-еркін кіру   2018  жылдан басталады.  Бір өкініштісі жоғарыда айтылғандардың бәрі Қытай территориясында жүзеге асуда.  Біздің елде бәрі құжат жүзінде ғана. Біздің кәсіпкерлерге бизнес-орталықтар мен қонақ үйлердің , көрме-павильондарының,  бассейндердің жобасын жүзеге асыру рұқсаты берілген. 

Horgos

2013-2018  жылдар инвестициялық деңгей мен дамуға белгіленген.  Бүгінгі  күнде Қазақстанда жобаның іске асуы айналасында 11  салымшы мен 26 келісім-шартқа қол қойылып,  41 нысанаға   87,3 млрд теңге бөлінген.  Ал «Қорғас» жобасының жалпы құны   382,9 млрд теңгені құраса, оның ішінде 73,8 млрд теңгені үкімет 309,1 млрд теңгені жеке салымшылар қамтамасыз етеді.  Жобаның толықтай аяқталуы 2018-жылға жоспарланып отыр.  2005 жылдан 2012 жылға дейін  мемлекет қазынасынан 45,8 млрд теңге алынған. Өз  кезегінде 35,2 млрд теңге игерілген.  Жалпы құны 21,15 млрд теңгені құрайтын  Шекаралық Ынтымақтастықтың Халықаралық Орталығы  106 обьекті 53 жұмысшы коммисиясына  тапсырылған. 14,05 млрд теңге айналымда. Айтпақшы орталықтың жалпы аумағы 528 шаршы метрді құраса Қазақстан аумағына 185 шаршы метр, Қытай териториясына 343 шаршы метр тиесілі. Орталықтың жұмыс істеу тәртібі өте қатаң, тіпті мереке күндері де ешқандай демалыссыз қызмет етеді. Бір күнде терминал кешенінен  10400 жолаушы , 500 автокөлік өтетін болады деп отыр.  Жоғарыда айтылғандардың  біздің елде біразы ғана іс жүзінде жүзеге асырылған, ал Қытай бөлігінде 22 нысана бар, 14 жоба қаржылай 3,9 млрд долларды құрайды. Жыл соңына қарай  жеке меншік 5 нысана өз жұмысын аяқтайды. Олар: Қытай мемлекет мүшелерінің этнопаркі, Шанхай Ынтымақтастық Орталығы, қонақ үй және сауда орталығы. Ал, бізде авто жол мен жаяу жүргінші жолы, абаттандыру жұмысы, канализациялық  су құбырлары, электр сымдары, жылу жүйелері, аумақтық  құрылысты күзету күші мен шекара күзеті ғана қамтамасыз етілген. Ал, қалғаны «жабулы қазан , жабулы күйінде».  Сонда сегіз жылдың ішінде біздің тарап тек абаттандыру, жол салу сынды ұсақ-түйекпен айналысқан.  Мемлекет қазынасынан бөлінген 45,8 млрд теңге қайда жұмсалды?! Қытай елі өзіне бөлінген аумаққа жоспарланған спорттық, мәдени, сауда-саттық орталықтың сексен пайызын салып, шағын да, әдемі қалашықтарының құрылысын бітейін деп қалды. Екі ел үшін де ең үлкен  жетістік «Қорғас-Жетіген» теміржолы болып табылады. Бұл жолмен  2020 жылға дейін 13 млн тоннадан астам тауар тасымалдаймыз деп жоспарлануда. Күншығыс елінің тау беткейін бойлай кеткен жеңіл көлік жолдары жайлы сөз қозғаудың өзі ерте сияқты.  «Қытай республикасы үшін жоспарланған жұмысты тезірек бітіру қай жағынан болсын тиімді, себебі қытай Қорғасты сауда-саттық саласында оңынан да, солынан да пайдаланбақшы. Көлік құралы мен санитарлық–эпидемиялық байланыс нәтижесіне аса мән береді»- дейді аға аналитик Әділ Кәукенов.  Сонымен «Қорғас» жобасы « Батыс Қытай мен Батыс Еуропа» үшін өте тиімді, тек ақсақ қойдың күйін кешіп жүрген қазақ құрылысы Қытай мемлекетін  қуып жете алатын болса...

Қазақ жеріндегі істің алға жылжымауының себебі  жең ұшымен жалғасқан жемқорлыққа келіп тірелуде. 2011 жылдың сәуір айының 24  жұлдызы Қорғас кеден бекетінде қаржы полициясы заңсыз контрабандамен айналысты деп 45 адамды құрықтады, оның 3-і ҰҚК қызметкері. Сондай-ақ 19 адамға іздеу жарияланды.  Тергеу барысында Ақмола облыстық Ұлттық Қауіпсіздік Департаментінің басшысы Бахытбек Құрманәлиев және кеден бекетінің бүгінде эксбастығы Айдаров, Алматы облыстық кеден бақылау ісінің бас маманы Құрманбек Артықбаев қамауға алынды. Маусым айының басында  қылмыстық ұйымдастырылған топтың лидері Бахыт Отарбаев пен Талғат Қайырбаев Біріккен Араб Әмірліктерінде құрықталды.

Біз өз ішімізде қылмыскерлерді құрықтап жүргенде Қытай құрылыс нысандарын  салып бітуге шақ қалды.  Қорғас базарының құрылыс жұмыстарының есебін сегіз жылдан бері билік неге қадағаламайды, әлде «қарға   қарғаның көзін  шұқымайдының»  кері ме?! Бұл жағы бізге белгісіз. Сегіз жылда абаттандырылған Қорғас, енді бір сегіз жылда ғимараттарының қабырғасын қалап қалар. Мәке, Жәкелердің қалтасындағы қаржы түгесілгенше , түйені түгімен жұтатын Қытай саясаты қапы қалдырмаса игі еді.

Aizhan

Айжан Қалиева

Қатысты Мақалалар