ЕО-ның 28 елінің экономикадан жемқорлық шығыны 120 млрд. еуро

/uploads/thumbnail/20170708154826151_small.png

Еурокомиссияның баяндамасына сәйкес, ЕО-ның 28 елінің экономикасына жемқорлықтан келетін шығын 120 млрд. еуро болып, бірқатар проблемалар туғызуда. Бұл туралы, Кеше,  Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған дөңгелек үстелде сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.  

«Ақпанда жасалған Еурокомиссия баяндамасына сәйкес,  Еуроодақтың 28 елінің жемқорлықтан ЕО экономикасына келтіретін шығыны 120 млрд еуро болып, Еуропадағы бизнестің дамуына айтарлықтай кедергі туғызуда», - деп атап өтті Б.Байбек. Б.Байбектің айтуына қарағанда Кешегі таңдағы азаматтық қоғамның да, бизнестің де, партия мен мемлекеттің де ортақ мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әрекет ету.

«Біздің Президентіміздің саяси жігерінің арқасында осы жылдардың бәрінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысы жүргізіліп, оң нәтижесін беріп келеді. Сонымен бірге алынған тәжірибе, жемқорлық жағдайы мен пайда болуы себебін туғызатын жемқорлыққа қарсы жүйелі әрекет етуге көшудің уақыты келгенін көрсетіп отыр», -  деді сөйлеген сөзінде Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың XV Съезде сөйлеген сөзінде, барлық азаматтық қоғамды жұмылдыру және  азаматтардың нақты проблемаларын шешіп жатқан патриоттық ҮЕҰ мүддесін көрсету мақсатында партия мен Азаматтық Альянстың біріге жұмыс жасауының айрықша қажеттілігін атап өткеніне ерекше тоқталды.

«Біздің Мемлекет басшысының саясатының арқасында азаматтық белсенділік артып келеді. Біз үшін азаматтарымыздың қалай өмір сүріп жатқаны маңызды. Біз азаматтарымыздың идеясы мен пікірлеріне, сынына шұғыл назар аударуға тырысамыз»- деді ол.

Кеше Астанада «Нұр Отан» партиясының 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы жобасының Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірігіп өткізген дөңгелек үстелде талқылау тақырыбына айналғанын айта кеткіміз келеді. Қазақстанның Азаматтық Альянсы 500 –ден астам үкіметтік емес бірлестіктердің мүддесін білдіретін еліміздегі ірі қоғамдық ұйым. Кеше бұл ұйым өзінің алаңында партияның жемқорлыққа қарсы бағдарламасының жобасына қолдау білдірді.  

Bauyrzhan Baibek

 «Нұр Отан» партиясы а.ж. шілдесінде 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын  көпшіліктің талқылауына ұсынды. Аталған құжаттың жобасы 6 мыңнан астам бастауыш партия ұйымдарының, өңірлік Саяси кеңестердің отырыстарында қаралды және талқыланды. Бағдарлама жобасында белгілі тәуелсіз сарапшылар, ҮЕҰ, ғылыми орталардың ақыл-кеңестері ескерілді.  Тамызда құжат «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында қаралды. Бизнес-қауымдастық партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында талқылап, құжат жобасын қолдады. Бағдарлама жобасына орай партия мүшелерінен, сарапшылар қауымдастығынан және интернет-пайдаланушылардан 900-ге жуық ұсыныстар мен толықтырулар түсіп, соның арқасында бастапқыдағы Бағдарлама жобасы мәтінінің 40 % - өзгеріске ұшырады.

Бағдарлама жобасы таяу уақытта өткізілуі жоспарланған «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің отырысында қаралатын болады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар