Мемлекеттік туды қастерлей білеміз бе?

/uploads/thumbnail/20170708154833451_small.jpg

Ту – қай заманда да қасиетті дүние. Ол ұлттық намыс, мемлекеттік нышан. Тудың биік тұрғаны халық абройының символы. Туды қастерлеуден үлгі алуға лайық мемлекеттер АҚШ, Қытай, Түркия. АҚШ еліне болып көрмедім, алайда, американдықтардың мемлекеттік туды қалай қастерлейтіні аңыз болып кеткен. Олар әлемнің қай түкпірінде болса да мемлекеттік туын көре қалған жерден тағзым етеді, әр бір американдық мемлекеттік туын қорғау үшін кез келген қатерге бара алады. АҚШ әр түрлі өнімдерінде мемлекеттік туын айшықты жерлерге бедерлейді. Түрлі фильмдерде, медиа өнімдерінде мемлекеттік ту міндетті түрде қатыстырылады және құрметті жерден орын алады. Ал, Қытай мен Түркияның мемлекеттік туын қастерлейтіні соншалық – туды қастерлеуді ұрпағына мектеп табалдырығынан-ақ үйретеді. Әр бір апта сайын болатын мектептік жиында ту шығару салтанатын өткізді. Оған мектеп оқушылары түгел жиылып, тудың толық көтеріліп болғанынша құрмет етеді. Түрлі парад, шерулерде міндетті түрде ту алып жүріледі. Ал бізде ше?

Бір апта бұрын Су добынан ерлер арасындағы Қазақстан құрамасының бұттарына мемлекеттік ту бедерленген плавки киіп алып, шетелдіктер алдында емін-еркін мемлекеттің намысын «қорғап» жүргеніне куә болдық. Мемлекеттік туымыз қорланғаны жалғыз бұл емес, туды қоқыс салатын дорба ету, түрлі жерде қарапайым матамен тең қолдану, заңмен бекітілген ілінуі тиіс орындарда жыртылғанша қараусыз тұра беру оқиғалары соңғы бірнеше жыл ішінде жиі кезікті. Көшеден кез-келген азаматтан ту туралы сұрай қалсаңыз, мағынасын да авторын да айта алмай қалатындар кезігеді. Мемлекеттік туды, басқада рәміздерді дұрыс қолданбаудың жазасы күшейтілген. Алайда, лайықты дәрежеде қастерлей алмай келеміз. Оның басты себебі мемлекеттік туды қастерлеуге тиіс намыстың әр бір азаматтың санасынан сіңірілмеуі.

Shaken N

Қасиетті туымыз қорланып, өзгелердің алдында ұятқа қалмайық десек, мемлекет мыналарды кешіктірмей қолға алуы тиіс:

Республика бойынша мемлекеттік мекемелерде, ЖОО-ларда, мектептерде ұжым(қызметкерлер, оқушылар, студенттер) түгел қатысатын ту шығару салтанаты әр аптада, бір уақытта өтуі тиіс;

Мемлекеттік қызметке тұру, ЖОО-ларға оқуға түсу алдында кез келген азамат рәміздер туралы қосымша сынақ тапсыруы қажет;

Шетелден келетін кез келген азаматқа шекаралық өткелдерде, кедендік бекеттерде Қазақстан рәміздері туралы халықаралық тілдерде жазылған кітапша таратылып, құрмет көрсетуге міндеттелуі керек.

Осы шаралар қолға алынған жағдайда, түсі оңып, кірге баттасып тұратын, жыртылғанша ауыспай тұратын мемлекеттік ту әр апта сайын жаңарып тұратын болады. Және ту шығару салтанатына қатысатын кез-келген азаматтың жадына мемлекеттік рәміздер жатталып қалады. Әр бір азаматымыз мемлекеттік рәмізді қастерлеу – отанымды қорғағаным деп санау керек. Айдың күннің аманында ту қорлануынан сақтасын.

Ақкісі Жанкерім

Қатысты Мақалалар