Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Ақ партияның» («Әділет және даму партиясы») төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі En son haber мәліметіне сүйеніп.
Партияның кезектен тыс III конгресі өз мәресіне жетті. Конгресте Р.Т.Ердоған 1414 дауыспен «Ақ партияны» басқару тізгінін өз қолына қайта алды.
Режеп Тайып Ердоған конгресс соңы көпшілік алдына шығып, жұртқа алғысын жаудырды. Осылайша 998 күннен кейін партияда екінші Ердоған кезеңі басталып отыр.
Шолушы: Айгерім Таубай