Астанада жоғалған Грузия азаматы өлі күйінде табылды

/uploads/thumbnail/20170710074645122_small.png

Астана қаласында осыдан бірнеше күн бұрын жоғалған Грузия азаматы өлі күйінде табылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы оның жұбайының әпкесі әлеуметтік желіде жариялаған.  25 жастағы Арчил Давитадзе 18 мамыр күні жоғалған. Жұмыстан шығып жоқ болып кеткен.

Өлім себебі марқұмның туысқандары тарапынан хабарланбаған.

Арчил Астаналық танымал психолог Марина Пашковскаямен некеде болған. Марқұмның артында кішкене қызы қалды.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар