Robocop атты алғашқы робот полицей Дубайдың полиция құрамына кірді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Arabian Business-ке сілтеме жасап.
Роботтың ұзындығы – 170 сантиметр, салмағы – 100 келі. Ол эмоция детекторымен жасақталған. Осы арқылы адамдардың бет әлпетінен, өзін-өзі ұстауынан тәртіп бұзушыны анықтай алады. Робот адамдардың эмоциясын 1,5 метр қашықтықтан байқайды.
Әскери навигатордың арқасында жергілікті аймақты жақсы біледі. Алты тілде сөйлей алады. Оның ішінде ағылшын мен араб тілі де бар. Халық робот арқылы кредиттік картамен полиция қызметінің ақысын төлей алады.
Robocop көшелерді аралап жүріп, бейне таспаны алып келіп, тәртіп сақшыларына қылмыскерлерді табуға көмектеседі. Робот қоғамдық орындарда адамдарға көмектесіп, тәртіп бұзғандармен күреседі және қаланың қауіпсіздігіне жауап береді.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет