Президент Атамбаевтың жаңа клипі шықты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710074617481_small.jpg

Қырғызстан президенті Атамбаевтың жаңа клипі шықты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі centralasian.org таратқан ақпаратқа сүйеніп.

YouTube'те 20 мамырда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың әніне түсірілген алтыншы клип жарияланды. Президент жаңа әнін анасына арнаған. Ән "Энекем" деп аталады.

Қырғыз тіліндегі клип YouTube'те бірнеше акаунтта жарияланды, бір тәуліктің ішінде жаңа әнді бірнеше мың адам көрді.

Қырғызстанда 2012 жылдан бастап жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде Ана күні атап өтіледі.

Бұған дейін қырғыз басшысының бес клипі жарық көрді: "Тағдырмен ерегіс", "Сенсіз өмір жоқ", "Өлімнен қорықпаймын", "Қырғызстаным", "Ыңғайсыз сөздер". Хабарларға қарағанда, Атамбаев орыс тілінде - бес ән, қырғыз тілінде - бес ән жазуды жоспарлаған.

Қатысты Мақалалар