АҚШ-тың бұрынғы арнайы қызмет маманы Эдвард Сноуден Google мен Facebook-тен бас тартуға шақырды. ҚазАқпараттың жазуынша, бұрынғы агент бұл желілер пайдалануды аса "қауіпті" санайды.
Сондай-ақ, сноуден не себепті өз еліне орала алмайтындығын да айтқан. Бұған басты себеп оған АҚШ билігі ашық сотпен қамтамасыз ету туралы уәде бермегендігі болып отыр.
Еске салсақ, аталған әлеуметтік желі мен пошталық сервер интернет әлеміндегі алпауыт компаниялар болып саналады. Олардың жер бетіндегі пайдаланушылары бірнеше жүз миллиондаған адам.
Қамшы-ақпарат
