Өзімізге жетпей жатқан етті шетке тасып не құны бар?!

/uploads/thumbnail/20170708154839989_small.jpg

Еліміз биыл күні бүгінге дейін АҚШ-нан 53 000 тоннаға жуық ет әкелді. Импорттады. Демек, елге ет жетпейді. Бүгін ауылшаруашылығы министрлігі елімізде өндірілетін еттің 10 000 тоннасын шет елдерге жібермек. Экспорттайды. Өзімізге жетпей жатқан етті шетке тасып не құны бар?! Кей ақпараттар бойынша кейбір пысықайлар Африканың кең даласында еркін жосып жүрген антилопа, буйвол, зебраның тегін етін ТМД елдеріне әкелетін көрінеді. Сол харам өнімнің біздің ет базарларымызда жүрмегеніне кім кепіл?! Еттің мол тұтынатын Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары. Үкімет: - агломерация қыламыз - деп, жүрген қалалар. Ең алдымен осы қалалар іргесінде ет және өзге де маңызды азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар ашатын кез келді. Не кедергі? Бұл азық-түлік проблемасын шешумен қатар, жұмыссыздықпен күреске де мол үлесін қосар еді. Бүгінде жоғарыда аталған қалалар іргесінде тұратын халықтың 99 пайызы қала қатынап, жұмыс істейтіні әнбеге аян. Оян, Қазақ Үкіметі!

P.S. Құпия оқып отырғандар: - ақылсымақ, оттамашы! - дейтін шығар))))

Азамат Кеңесұлы. (Facebook-тегі парақшасынан алынды)

Қатысты Мақалалар