Бірақ Сіздің бұдан басқа еліңіз жоқ...

/uploads/thumbnail/20170708154840716_small.jpg

Қазақты жамандаңыз. Жек көріңіз. Бетіне түкіріңіз. Ит екенін айқайлап айтыңыз. Қалағаныңызша боқтаңыз. "Бұлар ел болмайды" деп ашуланыңыз. Бірақ Сіздің бұдан басқа еліңіз жоқ. Жеріңіз де, отаныңыз да жоқ. Сондықтан қазақты осы қалпында жақсы көруді үйреніңізші. Кей адамның жағымсыз қылығын көрсеңіз, оны қазаққа апарып тіреп қоймаңызшы. Әлдебіреудің қолынан іс келмей жатса, оған қазақтың не кінәсі бар? Сосын... өзіңіздің кейбір кемшілігіңізді "қазақпыз ғой" деген сөзбен бүркемелеуді доғарыңызшы. Жалпы, ұлтты күстаналауды қояйықшы. Онсызда қазақтың көрген құқайы аз емес. Енді келіп Сіз "өзбек пен қырғыз анау, сорлы қазатың отырысы мынау" дейсіз...

Ержан Байтілес. (Facebook-тегі парақшасынан алынды) “Қамшы” сілтейді

Қатысты Мақалалар