Ғалымдар суды тазартуға болатын жаңа бактерияларды тапты

/uploads/thumbnail/20170708154841513_small.jpg

Жапония теңізінің суын зерттеу барысында Приморский аймағы жағалауынан ғалымдар тобы жаңа бактерияларды тапты. Олар алдағы уақытта ағынды суларды тазартуға пайдаланылуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Биоорганикалық химияның Тынық мұхиты институтының қызметкерлері Австралия, Жаңа Зеландия, Франция, Испания мен Жапония ғалымдарымен бірге Чажма айлағында теңіз суын зерттеген. Сол кезде бактерияның жаңа түрі анықталған.

бактерии

Жаңа бактерияларға Marinobacter salaries, Marinobacter similis деген атау берілді. Бұл бактериялардың ерекшелігі - синтетикалық жуу құралдары мен кейбір дәрілік заттарды өндіруде кеңінен қолданылатын детергенттерді бұза алатын қасиеті бар. Алдағы уақыта теңіз бактерияларының жаңа түрі ағынды суларды тазарту үшін қолдануылуы мүмкін.  

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар