«Соңғы көш» романы қалай жазылды?

/uploads/thumbnail/20170708154842081_small.jpg

Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңнен бастаған. Оның «Жас дәурен» атты өлеңдер жинағы тырнақалды туындысы еді. Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. 1974-1981 жылдар аралығында жарық көрген «Соңғы көш» романы қалай жазылып еді? Қаламгердің сұхбатын ұсынамыз.

91adf5c6b8ea05693cac46f414a44e59

 Мен 1962 жылы Қытайдан келгенде «Соңғы көшті» жазам деп жинақтаған материалдарымның бәрі өзімде болды. Сол кезде жазылан қолжазбалар әлі бар. Шығармаға қатысатын кейіпкерлердің ұлты, қызметі, жасы, аты бәрі сақталған. Мен бұрын Каз Гуд-дың екі курсын оқып кеткем. Араға 4 жыл салып қайта келдім оқу орнына. Менімен бірге оқуды бастаған Мағауин, Кекілбаевтар қызметке кірісіп кеткен. Мен үш жыл бойы күндіз-түні кітаптан бас алмай оқыдым. Жай оқулықтар емес, бір кездері орысшаға тісіміз батпай жүргенде оқылмай қалған кітаптар еді. Жапон әдебиеті, латын америкасының шығармалары бар. Басқаларды басып озбасам да, қуып жеттім. Ол кезде әдебиетке келетін адам бірнеше баспалдақтан өтуі тиіс болатын. Шағын кітабың шықпаса, роман жазуға рұқсат жоқ. Бірден роман жаздым деп көтеріп әкелсең, қабылдамайтын. 1966 жылы «Жас дәурен» дейтін өлеңдер жинағым шықты. 1968 жылы «Қаздар қайтып барады» деген әңгімелер жинағым шықты. 1969 жылы жастарға арналған «Көкейкесті» атты романым жарық көрді. Міне осыдан кейін Соңғы көшке кірістім. Бірінші томын 1970 жылы бітірдім. Бірақ оның шығуы қиын болды. Ол кезде «Жазушы» баспасында істеймін. 4 дана етіп көшіріп, баспаға өткізіп қойдым. Бірақ заң бойынша шығармаға лицензия берілуі үшін, сараптамадан өту керек. Мынау жарайды басылсын деген. Бірақ соған сараптап пікір айтатын адам табылмады ғой. Білмейді ешкім. Бір данасын Орталық компартияға, бір данасын Қауіпсіздік комитетіне жәнә бір данасын акадмеияға жібердім. Бір-екі айдаг соң тілдей қағазға жазылып, жауап келді. Көркемдігіне ешқандй сын жоқ, бірақ ішіндегі оқиғаларға қатысты біз жауап бере алмаймыз, бізде мұндай маман жоқ деді. Шыңжаңдағы, Қытайдағы қазақтар туралы бізде ешқандай мәлімет жоқ деп қайырды. Ол жақта қазақ бар екенін айтапған ғой жасырып. Қауіпсіздік комитетінен келген хатта мұны Мәскеуге жіберу керек деп көрсетіліпті. Мәскеуде Шығыс елдеріне зерттейтін институт бар екен. қытай, жапон әдебиетін зерттейтіндер сонда отырады екен. Тез арада орыс тіліне аудартып, аталған институтқа жіберіңіздер деді. Ол кезде Жазушылар Одағының төрағасы Әнуар Әлімжанов, екінші Хатшы Ілияс Есенберлин болатын. Одақтан ақша бөліп, екі адамды ортадан шығарып, орысшаға аудартты. Ғаббас Жұмабаев пен Төлеу Шаханов аударып шықты. 3 айдан соң аударманы Әнуар Әлімжановтің хатымен Мәскеудегі Қиыр шығыс институтына жіберді. Мәскеу жақта да 5-6 ай жатып қалды. Жауап келді. Керемет жазылыпты. Ол да менде сақтаулы тұр. «Жұлдыз» журналы 9,10,11 сандарына басып шығарды. Бұл 1973 жыл болатын. Шерхан Мұртаза «Жұлдыз» журналының Бас редакторы еді. Мәскеуден келген хаттың аудармасын салып, журналға жариялап жіберді. «Жұлдыздың» сол кездегі тиражы 196 000 болып шықты. Осылайша ел арасында бірден танымал жазушыға айналып шыға келдім. Кейіпкерлерімнің көбісі өмірде бар. Кейбірін тіпті атын өзгертпей бердім. Этнограф ақсақалымыз Жағда Бабалықұлын полковник Жағыпар деп өзгерттім. Башпай деген сол өлкедегі атақты уәли болды. Бір өзінде бір совхоздың малы бар еді. Ұлттық төңкеріске қатысқан. Қатысушылардың астарына ат берген, қару жағынан көмектескен. Осы кісіні кіргіздім. Оспан батыр бар. Біреулер үстімнен арыз жазыпты. Атақты байды жазды деп. «Жұлдыз» журнална теріліп жатқан. Сонда өзгертуге тура келді. Башпайдың атын Жасыбай деп өзгерттім. Оспанның атын Қосай батыр деп бердім. Кейін кітап шыққанда басты кейіпкерлердің атын сол күйінде қалдырдым. Осындай қиыншылықпен шықты ғой кітап. Соңғы көштің жазылуынан, басылуы қиын болды деп еске алды сол кезді жазушы.

baq.kz

Қатысты Мақалалар