Бүгінде бокал жақсы, сақал жаман...

/uploads/thumbnail/20170710075613787_small.JPG

Бүгінде бокал жақсы, сақал жаман,
Дiн туралы айтылған мақал жаман.
Кiндiк ашқан қыздардың бiрi емес,
Хиджаб киген арудың бәрі жаман.

Сексеннің сенгiрiнде таяқ ұстап,
Мешiтке баратұғын атам жаман.
-Зейнетке шыққанымша бармын ба?- деп,
Жасынан намаз оқыған адам жаман.

Аяулы алақанда мәпелеген,
Клубка жiбермеген анан жаман.
Торғайдай шыр-пыр болып асыраған,
Темекi шектiрмеген әкең жаман.

Шынайы махаббатпен бiлiм берген,
Мектепте жүретұғын тәтең жаман.
Тойында құрметпенен құймаса арақ,
Той жасаған адамның ниетi жаман.

О,Алла, бұл күнде адам не боп барад?!
Жақсыны жақсы деп те айта алмаған.
Жоғарыда билер отыр билеп төстеп,
Арам мен жемқорлықты қақпалаған.

Басқа тiлде сөйлейді бүлдiр-шүлдiр,
Ана тiл артта қалып қанталаған.
Қыздарың көшеде жүр сайран салып,
Тура бiр қой сияқты марқалаған.

Жетiмiн жылатпаған елмiз дейдi,
Неге онда алыс шетел саудалаған?!
Кәрілер қалшылдап жүр қарттар үйде,
Баласы үйде отырып шарқылдаған.

Жақсыны жамандықпен айырбастап,
Ұрпақтар кетiп барад аңқылдаған.
Кiсi өлтіріп, адамды ұрлау деген,
Сағаттап экраннан жарқылдаған.

Осындай сасық қоғам болып жүрмей,
Ояныңдар ел-халық топырлаған.
Иiсi бармайтындар тұмсығына,
Мұрынын ашу керек маңқылдаған.

Тауелсiз елмiз бүгін шүкір Алла,
Ынтымақ пен байлығы сарқылмаған.
Құдайым айырмасын халқымызды,
Татулық, бейбітшілік, ар тұнғаннан!!!

Қатысты Мақалалар