Ұсқынсыздар циркі өз заманында гуманистік құбылыс болып есептелген. Әу баста халық тарапынан қорқыныш пен ашу-ыза тудырған бұл цирк уақыт өте келе халықтың ұнамды әрі сүйікті қызығушылығына айналған.
Семіз адам

Сол заманда семіз адамдар ерекше болып бағаланған.
Керік-әйелдер

Мойнына тағылған сақина лондондықтарды 1935 жылдарда ерекше ләззатқа бөлеген. Әйелдің мойнының ұзын болуы азиаттық дәстүр саналған. Сақина саны көп болған сайын соғұрлым әйел де сұлу көрінген.
Кішкентай және үлкен адамдар

Өте ұзын және тым аласа бойлы адамдар халықтың қызығушылығын қай заманда болсын тудырған. Бертрам Миллстің циркінде жасалған 1950 жылғы сурет. Ең үлкен адам ең кішкене адамды көтеріп тұр.
Арқасында қолы бар бала

1939 жылғы сурет. Янг Кришнан арқасында өскен қолымен қарандаш ұстап тұр.
Роберт Уодлоу, әлемдегі ең ұзын адам

1937 жылы түсірілген сурет. Ринглинг Бразерс циркінің бағалы кейіпкері. Оның бойы 2 метр 72 сантиметр. Ол қайтыс болған соң сүйегін біреулер ұрлап кетпес үшін қабірін туысқандары бетондап тастаған.
Дайындаған: Назерке МҰСА