Бұл сиқыр ма, әлде жай ғана сәйкестік пе?

/uploads/thumbnail/20170710075835882_small.jpg

Жер шарында  мыңдаған оқиғалар , адам сенгісіз жайттар ерте кезден-ақ жүздеп саналады.  Біреу сенсе, біреу сенбейтін сәйкестік жайлы сіздің пікіріңіз қандай? Кітаптарда, сценарий , түрлі тастарда қашалып жазылған жазуларға деген көзқарасыңыз ше?  12 ғажайып сәйкестік немесе орта ғасырдағы тылсым күштен хабар беретін мақаланы Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман қауымға ұсынады.

Бір күні ВВС репортері көшеде өтіп бара жатқан бейтаныс ер адамға «1967 жылы аңызға айналған Эвертон-Ливерпуль регби ойынын білесіз бе?» деп сұрақ қойған. Бейтаныс ер адам: «Әрине білемін, бірақ мен ол кезде ойынған қатысқан жоқпын» деп жауап берген болатын. Бейтаныс ер адам қақпашы Томми Лоуренс болып шықты.

1913 жылы Гитлер, Сталин, Троцкий, Тито мен Фрейд Венаны мекен еткен. Олар бір-бірінен бірнеше шаршы шақырым жерде тұрған және бір дәмханалардың тұрақты келушілері болған.

Суретте көрсетілген Мысыр мүсіні Жаңа патшалықтың  туындысы болып табылады. Ал бұл мүсін 2009 жылы дүниеден озған Майкл Джексонға ұқсайды.

Спортшы Уолтер Саммерфорд көзі тірісінде үш рет найзағайдың құрбаны болған. Таңқалдыратыны, спортшы дүниеден озған соң да марқұмның басына қойылған тасқа найзағай түсіп, екіге бөлінген.

1975 жылы Детрой қаласында  Джозеф Фиглоктың басына 14-қабаттан сәби құлап кеткен. Тұп тура бір жылдан соң дәл сол жерде әлгі бала Джозеф Фиглоктың басына қайта құлайды.  Қуантатыны екі ретте де ешкім жарақаттанбаған.

1988 жылы 14 тамыз күні белгілі кәсіпкер Энцо Феррари дүниеден озды. Футболшы Месут Озиль  дәл сол жылы 15 қазан күні дүниеге келген. Айтқымыз келгені аталған екі тұлға бір-біріне қатты ұқсайды.

Өзін-өзі өлтірген ер адамның жүрегін басқа ер кісіге операция арқылы ауыстырып салынған.  Ол ер кісі операциядан кейін қайтыс болған кісінің жесіріне үйленген. 69 жасқа келгенде өзінің доноры сияқты өзіне-өзі қол салады.

Әлемдегі ең үлкен кеме Титаник суға батпастан 14 жыл бұрын Морган Робертсон «Тщетность» атты роман жазған.  Ол романда «Титан» аталатын жолаушы және жүк таситын жүрдек үлкен кеменің апатқа ұшырауы жайлы жазылған. Таңқалдыратыны, «Титаник» те дәл сол романдағы бағытпен жүріп, дәл сондай жылдамдықпен жүре отыра, айсбергке соғысып, апатқа ұшырайды. Бұл да бір тылсым күш екені анық.

1976 жылы кино түсіру саласындағы көркемдеуші  Джон Ричардсон «Омен» аталатын фильммен жұмыс істеу барысында кейіпкерлердің жол апатына ұшырауын көрсетеді. Джон Ричардсон және оның көмекшісі дәл сол оқиғаны өз бастарынан  өткізеді. Фильмдегі Оммен қаласында жұма күні жол апатына  ұшырайды.

1941 жылы Сталин Самарқанға бір топ экспедиция жасаушыларды Темірланның  мазарының ашылуына жібереді. Темірдің мазарынан археологтар белгісіз жазуды табады. Онда «Темірдің өсиетін бұзған адам жазаланады. Бүкіл әлемде кескілескен шайқас, адам сенгісіз соғыс басталады» делінген. Бұл жазба жайлы Сталинге хабарлағанда, ол ат тонын ала қашып, сенгісі келмейді. Бұл жазбаның құпиясы 1941 жылы 31 маусымда ашылды, ал келесі күні екінші дүниежүзілік соғыс басталған.

Ракпен ауырып жатып әкесі ұлына жүзік сыйға тартады. Ал ұлы жүзікті екі аптадан кейін өзенде шомылып жүріп жоғалтып алған. 39 жыл өткен соң дайвер сол жүзікті өз иесіне қайтарған. Жүзікті қайтарған кісі де  ракпен ауырып өлім аузында жатқан болатын...

1835 жылы Жер шарының астынан Галлея аталатын комета ұшып өтті. Осыдан екі аптадан кейін Марк Твен дүниеге келген. 1909 жылы Марк Твен : «Мен кометамен бірге дүниеге келдім, кометамен бірге өлемін» деп жазған болатын. Твенның айтқаны айдай келді. Твен 1910 жылы 21 сәуір күні дүниеден озды. Ал келесі күні кометатың кезекті ұшуы орын алған. 

Дайындаған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар