Қазақстан алмасы Нью-Йорк орталығындағы саябақта өсетін болады

/uploads/thumbnail/20170708154856087_small.jpg

Нью-Йоркте Американың кәсіби бағбандарына қазақстандық алмалардың тарихы туралы арнайы дәріс берілді, деп хабарлайды Bnewz.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жап.

 Мекеменің деректеріне сүйенсек, бұл шараны Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы, «Қазақстан-америка альянсы» коммерциялық емес ұйымы, Нью-Йорк қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Дәріске қатысқан бағбандар Қазақстан алмаларының ауруға төзімді екенін, шағын ғана аумақта алманың алуан түрін өсіруге болатынын, табиғи дәмі мен көлемінің ерекше болатынынан хабардар болған. Бас консул Раушан Есболатованың айтуынша, мұндай дәрістер америкалықтарға Қазақстан тарихымен және мәдениетімен жақыннан танысуға мүмкіндік береді. «Бүгінгі күні Нью-Йоркте 50 түп Қазақстан алмасы отырғызылғанын көп адам біле бермейді. Сондықтан, бұл дәрістер қазақстандықтар мен өзге де шетелдік туристерге қазақ алмасының кереметін тануға мүмкіндік береді», - дейді Есболатова.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар