Ұлыбритания Палестинаның тәуелсіздігін таныды

/uploads/thumbnail/20170708154856828_small.jpg

Британдық Парламент Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп тану туралы қарарға дауыс берді. Baq.kz сайтының хабарлауынша, Палатаның 650 депутатының 274-і Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп тану туралы қарарды жақтап дауыс берген. Қарсы дауыс бергендер саны - 12. Ұсыным түріндегі құжат министрлер кабинетіне міндетті сипатта емес, оны мақұлдау Палестинаны тану «мезгілсіз» деп санайтын британдық үкіметтің саясатын өзгертпейтін болса керек.

Палестина – Таяу Шығыста орналасқан, Израильмен арада территориялық жаңжалы бар мұсылман мемлекеті.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар