Барби қуыршағының көлеміндей сәби... Ақтауда таң қаларлық оқиға орын алды

/uploads/thumbnail/20170710081440492_small.jpg

Ақтауда Барби қуыршағымен бірдей дүниеге келді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі today.-ге сілтеме жасай отырып.

Ақтауда 37 жастағы Айжан Саденова  бірінші сәбиін  дүниеге әкелді. Кішкентай сәбидің салмағы 665 грамм және ұзындығы 28 сантиметр болып дүниеге келген. Кішкентай сәбидің денесі Барби қуыршағындай.

Қазіргі уақытта сәби 1 келі 94 грамм салмақ жинап қалған. Қазір сәбиді зонд арқылы тамақтандырып жүр.

«Барлығы жақсы болады және мамасының да жағдайы жақсы»,- Маңғыстау облысының Реанимация бөлімінің дәрігері.

Тағы да бір сәби  бір ай бойы инкубаторда жатыр. Кішкентай сәби 720 грамм салмақ 32 сантиметр ұзындықпен  дүниеге келген. 24 жастағы Малика Өтешованың ең бірінші сәбиі екен.

Маликаның күйеуі қызы мен әйелін тағатсыздана күтіп отырғанын айтады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар