Автобус жүргізушілері мен кондукторлар арнайы жұмыс киімін киетін болды

/uploads/thumbnail/20170710081756323_small.jpg

Астананың қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары арнайы форма киетін болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиновке сілтеме жасап. Бұл туралы басқарма басшысы Баспасөз мәслихатында айтты.

Арнайы жұмыс киімінің бағасы 35 мыңнан басталады. Оған қысқа жейде, ұзын жейде, шалбар, сырт киім және бас киім кіреді.

Айта кетейік, Бекмырза Игенбердинов болашақта кондукторлар автобуста мүлде болмауы мүмкін екенін де айтты. Жұмыспен қамту орталығымен сөйлесіп, кондукторларды басқа жұмысқа ауыстыру мәселесін қарастыратынын жеткізді. 

 
Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар