Мөлдір сезім мен тұнық көңілден туған жырлардың иесі, жас ақын Бауыржан Мырзақұл оқырманын өзінің «Ышық» атты кітабының тұсаукесеріне шақырады. Қарбалас тіршіліктің сергеледеңінен шаршап, бір сәтке ғанибетке бөленгісі келген поэзия сүйер қауымның бәрі кештің қадірлі қонағы саналады. Қасиетті Рамазанға қараған күні риясыз дидарласудан қапы қалмаңыз!
Алаш баласының абыройын асқақтатып, шабытына шабыт қосып, шығармашылық табыс тілеу – оның бауырының міндеті. Ал әрбір алаш азаматтары – біріне-бірі бауыр.
Кітап тұсаукесері 26 мамыр күні сағат 11:00-де Әл-Фараби кітапханасында өтеді.
Пікір қалдыру