Тәтесінің құпия сақтап келген заттарынан оның өмір бойы кім болғанын білген туыстарының ашуында шек болмады

/uploads/thumbnail/20170710081819074_small.jpg

Жүре берсең-көре бересің. Кей-кезде өзгенің дүниесіне қызығып, ашкөзділікке де салынып жатамыз. Сондай сәтте өзің танымайтын алыстағы ағайыныңнан бір «мұра қалса екен» деп армандамаған адам кемде-кем болар...Ешкімге соқтықпай, күнделікті өміріңді сүре бересің. Мұраның иесі ретінде бір күнде шіріген бай болып шыға келесің.

Дәл осындай жағдай әлеуметтік желінің тұрақты қолданушыларының бірінің басынан өтті, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.  Әйелдің айтуы бойынша, Грета есімді тәтесінен Германиядағы үйі мұраға қалған . Алыстағы ағайыны 1921 жылы Шығыс Пруссияда дүниеге келген.  1940 жылы Гамбургке қоныс аударғаны анық болып отыр.

Тәтесінің затарын жинастыра жүріп, мирасқа ие болушы ескі сандықты көзі шалады.

Сандықтың кілті де сол жерде болғандықтан еш қиындықсыз ашылған.

Сандықтың ішінен ерекше арыстанның тұмсығы табылады.

Жануардың тұмсығынан бөлек Грета тәтесінің өмірніне байланысты көптеген заттар табылады. Олардың қатарында суреттер,ашық хаттар,  фотосуреттер, кітаптар мен хаттар бар.

Мәселен, Гитлердің «Моя  борьба» кітабын алсақ болады. Бұл кітап неге керек болды екен?

Тағы Гитлердің әскери формасындағы екі жігіттің суреті табылған.

Сол кезеңдегі ашық хаттарды назарларыңызға ұсынамыз.

Гертадан мұра болып қалған үй қирап қалған. Қирау мерзімі 1944 жыл деп көрсетілген.

Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында Герта Германия билігінің жақтасы болғаны анық. Ал бұл жайт жақын туыстарын қуантатын жаңалық болмауы да мүмкін...

Дайындаған: Айгерім Таубай

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар