Біз адамдардың шынайы бейнесін уақыт өте келе байқаймыз. Үнемі бетперде киіп жүретін адамдар ашу үстінде немесе қолына ақша, билік түскен кезде білдіріп қояды. Қолға билік түскен кезде адам өзін көкті тіреп тұрғандай әсерде болып, өз-өзін ұстай алмай қалатыны шындық. Сондай жағдай Ильза Кохтың басынан да өткен екен. Ол өзгелерді басқарамын деп, сұмдық қылмысқа барған деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Кішкентай кезінде ол қандай адам болатынын ешкім білген де жоқ. Кішкентай Ильзаның мұғалімдері оны сыпайы, қарапайы қыз болды деп айтады. Өсе келе Ильза бухалтерлік жұмыстармен айналыса бастады. 1932 жылы университетке түсіп, Карла Кохпен танысады. Содан кейін жігіт болашақ мыстанның күйеуі болады.
Кейін Ильза түрмеде күзетші болып жұмысқа тұрады. Сол кезде оның алғашқы қылмыстары басталған. Түрмедегі жазасын өтеушілерді қамшымен ұрып-соққан және де бұл істі өзінің көңілін көтеру үшін ғана істеген. Сонымен бірге адамдарды ұрып-соғу оның ең сорақы қылмыстарының бастамасы ғана болатын.
Ильза өзгелердің денесіндегі татуировкасына қатты қызығушылық танытқан екен. Кейін жазасын өтеушілерді өлтіріп, олардың терісін сыпырып алатын болған. Оның ісіне осымен біте қоймайды. Ильза татуировкасы бар адамның терілерін жинастырып, коллекция жинап, үйінде сақтапты.
Аталған сұмдық қылмыс белгілі болып, Ильза өмір бойы бас бостандығынан айрылады. Кейін ол түрмеде өз-өзін өлтіріп тынады. Осы қылмысынан кейін ол Бухенвальтық мыстан атанып кетеді.
Дайындаған: Әсел Өтешова
Пікір қалдыру