«Халық банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ арасында сату-сатып алу туралы келісім жасалып жатыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп жазды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Қазіргі таңда екі банк арасындағы өзара меморандумға сәйкес бірқатар шаралар жүзеге асып жатыр. Атап айтқанда, активтердің сапасын кешенді тексеру (due diligence) жүріп жатыр. Сату, сатып алу туралы келісімшарт және басқа да қажетті құжаттар жасалу үстінде», - деді Д.Ақышев.
Оның айтуынша, аталған мәміленің жүзеге асуы екі жақтың мамандарының біріккен жұмысына байланысты болмақ.
Айта кетейік, осыған дейін Халық банкі Қазкомды сатып алу ниетте екенін жазған болатынбыз. Бұл жайында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Үміт Шаяхметова айтқан болатын.
Шолушы: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру