Францияда 400 мектепте араб тілі мектептің оқу бағдарламасына енгізіледі деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Эммануэль Макрон президенттігі тұсында араб тілі насихатталып, жақсы қарқынмен дамитын болады дейді сарапшы мамандар. Франциядағы мұсылмандар саны 5-7 миллион аралығында екенін ескерсек араб тілі елдегі маңызы бар тілдердің бірі.
Франция билігі араб тілін негізгі пәнге енгізбесе де, элективті яғни таңдау пәні ретінде енгізбекші. Оған Францияда тұратын мұсылман мигранттар түрткі болған.
Пікір қалдыру