Естеріңізге сала кетсек, бүгін миллиардты мойындатып, қазақтың абыройын асқақтатқан Димаш Құдайбергеннің дүниеге келген күні. Әлем әншісі атанған қазақ баласына танымал тұлғалар, әлемдік жанкүйерлері жан-жақтан құттықтауларын жеткізуде. Лара Фабианнан бастап, Ева Лонгорияға дейін құттықтаған тұлғалардың қатарына АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол да қосылды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бір ерекшелігі, елші тілегінің басын қазақ тілімен бастады.
Джордж Крол өз тілегін инстаграм желісі арқылы білдірді.