Елімізде ең белсенді депутаттардың рейтингі жарияланды. Отандық социологтар, Мәжілісте батыл мәлімдеме жасап, Үкіметті жиі сынайтын 10 халық қалаулысының есімін атады деп хабарлайды Nur.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Білім министрлігін аяусыз сынап жүрген Дариға Назарбаева көш басында. Вице-спикер әрі депутат халықтың мұң-мұқтажын жиі көтеретіндіктен басқа әріптестерінен оқ бойы озық шыққан.
Шенеуніктердің үрейін ұшырмаса да, Көкшетаулық мүгедекті жекпе-жекке шақырумен аты шыққан Тәңірберген Бердоңғаров та күтпеген жерден белсенді топтың қатарына еніпті.

Үздік үштікте ән салуды ұнататын Мұхтар Тінікеев те бар. Кейінгі орындарға Мәжілістің ақсақалы Владислав Косарев тағы бір коммунист Айқын Қоңыров, Азат Перуашев, Нұртай Сәбильянов, Майра Айсина мен Мәулен Әшімбаев жайғасқан. Тізімге гейлерге ауқымды күрес жариялаған ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл да енген.
Қамшы-ақпарат