Apple әлемдегі ең жұқа iPad-ты жасады

/uploads/thumbnail/20170708154932656_small.jpg

Apple корпорациясы жаңа екі iPad планшеттері: Air 2 мен iPad Mini 3-тің таныстырылымын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап хабарлады.

Таныстырылған планшеттің екеуі де iOS 8.1 операциялық жүйесімен жұмыс істейді. iPad Air 2 алдыңғы моделіне қарағанда 18% жұқарып, оның қалыңдығы небары 6,1 мм болып шыққан. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл қазіргі таңда әлемдегі ең жұқа планшет саналады.

Қос модель де АҚШ пен Еуропа елдерінде бір аптаның ішінде таралып болады. Ал Ресей мен Қазақстанда сатылым тек қазан айының соңында басталады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар