Сириялық жұп: «Осы сұмдық болғанға дейін үзіліп кетсем екен деп тілеп едім» (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710092503519_small.png

Бұл сириялық жұп Ахмед пен Хадижа. Олардың жасы 65-те. Отасқандарына көп жыл өтсе де бір-біріне деген сезімдері сөнбегенін айтады. Кезінде Ахмед пен Хадижаның әкелері жақын дос болған. Екеуі балаларын үйлендіріп, туысқан болуды қалаған. Олар өмір бойы балаларымен Сирияда тұрып келген.

Өздеріңізге белгілі Сирияда азаматтық соғыс жүріп жатыр. Күн сайын көптеген адам көз жұмады. Оның ішінде бейкүнә бала да, ақ жаулықты ана да, ақ шашты қария да бар.

"Осы сұмдықты көргенше, өліп кетсем болар еді" дейді Хадижа. Олардың балалары Түркияға қашып кеткен. Ахмед пен Хадижа туған елінде қалуды дұрыс деп шешкен.

«Балаларым үйге орала алады деп үміттенемін. Балаларымды әлі де көремін деп ойлаймын. Бірақ қалай көремін оларды?» дейді Хадижа көзіне жас алып.

Қазір отбасылық жұп Сирия мен Түркияның шекарасында тұрады.

«Біздің жүрегіміз қайғы мен кедейліктен босап қалды. Ауырғанда жанымыздан табылатын сегіз баламыз бар еді. Енді ешкіміміз жоқ. Барлығын құдайдың қолына тарпсырған жақсы» дейді Ахмед көз жасына ерік бермеуге барынша тырысып.

«Уайымдама, көкте демаламыз» деп жан жарын жұбатты Хадижа.

Соғыс пен қиындықтарға қарамастан екеуі бірге екеніне қуанышты екенін айтады.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет 

Қатысты Мақалалар