Ресейліктердің Қазақстан аумағында болу тәртібі жеңілдейді

/uploads/thumbnail/20170708154943628_small.jpg

Бүгін Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ҚР азаматтарының РФ аумағында және РФ азаматтарының ҚР аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге 2010 жылы Астанада қол қойылған. «Қазақстан Кеден одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде экономикалық интеграцияны одан әрі дамытып жатыр. Ратификацияға жататын осы құжат екі ел аумағында болу тәртібін жеңілдетіп, көршілес мемлекеттер азаматтарының 30 күн ішінде тіркелмей жүруіне мүмкіндік береді. Ресей мен Беларусь, сондай-ақ Қазақстан мен Беларусь арасында осындай келісімдер жасалды», - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.  Вице-министр атап өткендей, бұл келісім екі ел азаматтары үшін тең талаптармен жүзеге асырылады.  Депутаттар зоң жобаларын қолдады, енді олар Сенаттың жалпы отырысында қаралатын болады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар