Өзбекстан кабельді телеарнасының студиялары өткен аптада Ресейдің «РБК» және ТМД-ның «МИР» телеарнасын жауып тастады. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.
Студиялардың операторлары мұның нақты себебін әзірге ашып айтпаған. Бар айтатындары – жүйеде техникалық ақаулар пайда болған және бұл қысқа аралықта түзетіледі. Бір айта кететіні, «РБК» және «МИР» арналары тек аналогты телеарнада ғана өшкен, ал цифрлы телеарнада жұмыс істеп тұр екен. Жалпы, Өзбекстанда соңғы жылдары «Домашний», ТНТ және РенТВ телеарналары кабельді желілерден алып тасталған. Сөйтіп, өзбек көршілеріміз ресейлік арналардың қаңсығынан біржолата арылуға қадам бастаған тәрізді.
Естеріңізде болса Қазақстанда да жақын уақытта шетелдік БАҚ-ты, теле арналар мен радиоларды қайта тіркеуден өткізу туралы сөз қозғалған болатын.
Қамшы-ақпарат