Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы отандық өндіріске қарқын қосады

/uploads/thumbnail/20170708154948760_small.jpeg

 Астанада еліміздің дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы аясында қазақстандық үлесті дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz

«Қазақстанға бүгінде дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жолында тұр. Келіссөздер барысында отандық индустрияны қолдау бойынша даулы мәселелер туындайды. Бұл ұйымға мүше болу халықаралық сауда нарығына кірудегі кедергілерді жойып, сауда саласындағы дауларды шешудің қалыптасқан халықаралық амалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, отандық және әлемдік контрагенттер үшін бизнесті жүргізудің тең әрі ашық жағдайларын жасауға жол ашады. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына өту үдерісі біраз уақыттан бері жүргізілуде және содан бері қоғамда бұл ұйымға мүшелік елімізге қандай пайда әкеледі деген әңгімелер айтылып келеді», - деді жиында NADLoC агенттігінің басқарушы директоры Жанна Әлиева. 

Оның айтуынша, Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы қазақстандық өндіріске қарқын қосады, өйткені еліміз үшін халықаралық сауда тәртібін қалыптастыруға қатысу мүмкіндігі туады. Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілерге біріздендірілген халықаралық құқықтық кеңістікке жол ашылады, осылайша олар сауда дискриминациясынан заңды түрде қорғалады. Мұнымен қатар отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығарылу жағдайы да жақсарады және өнім сапасының жақсаруы мен бәсекеге қабілеттілігінің артуына қосымша жағдай жасалады. Бүгінгі семинар қоғамдағы алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығаруға бағытталған. Жиын екі күн өтеді, оның аясында жергілікті үлесті дамыту бойынша шетелдік тәжірибе таразыланады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар