Түркітілдес елдердің ортақ телеарнасы ашылады

/uploads/thumbnail/20170708155010528_small.jpg

Түркияның Ыстамбұл қаласында түркітілдес елдердің ортақ телеарнасын құру бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Жиында Қазақстан, Әзірбайжан мен Түркияның медиа саласының менеджерлері болашақ арнаның тұжырымдамасын талқылады. Бұл жөнінде Baq.kz жаңалықтары жазды.  

Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлының айтуынша Қазақстан делегациясы осы жиынға арнайы құжатпен келді. Осы құрылатын телеарнаның тұжырымдамасын дайындап, мүше мемлекеттердің өкілдерімен талқыға салды. Алдағы кезекте мүше мемлекеттер Қазақстан ұсынған тұжырымдаманы егжей-тегжей талқылап, келесі жылы ақпан айында өтетін жиында ортақ келісімге келуде жоспарлап отыр. 

13_27 li set

Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, ортақ телеарна ақпараттық-танымдық бағытта хабар таратуға бағытталған. Сондай-ақ, әлемге түркі тарихы пен мәдениетін салт-дәстүрін насихаттайтын басты арнаға айналуы керек. Мұндай телеарна ашуды биыл Елбасы Бодрумда өткен түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммитінде көтерген болатын. Осыған орай, Түркі кеңесінің хатшылығы арнайы жұмыс тобын құрып, арнаның құқықтық-нормативтік базасын әзірлеуге кірісті.

Келесі жылы Астанада өтетін саммитте Мемлекет басшылары тиісті келісімге қол қояды деп жоспарлануда.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар