Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Жарлығымен Эфиопия, Босния және Герцеговина, Черногория Республикасындағы Қазақстан елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап Bnews.kz жазды.
Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аслан Есболайұлы Мусинге Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговина Республикасындағы, Черногория Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқару міндеті жүктелген. Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Қамшы-ақпарат