Қызметкері парамен ұсталған басшы отставкаға кетеді

/uploads/thumbnail/20170708155033471_small.jpg

Қарамағандағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған лауазымды тұлғаның оставкаға кетуі заңмен қарастырылмақ. Аталмыш мәселе келесі жылы парламент қарауына енгізілетін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң жобасында қамтылатын болады. Бұл туралы бүгін Сенаттың пленарлық отырысы барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді. Бұл туралы BNews.kz жазды. 

qairat kozhamzhar

«Заңнамаға саяси қызметкерлер жанындағы оларға бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса, отставкаға кету мәселесі бойынша тапсырма берілген. Сол себепті мемлекеттік қызмет жүргізу туралы тұжырымдамаға кезінде заң нормасы кірді. Онда, егер саяси қызметкердің қол астындағы өзі тағайындаған немесе сол саяси қызметкердің келісімімен тағайындалған адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасап, оған қатысты сот үкімі заң жүзінде күшіне кірсе, онда ол оставкаға беруі керек. Отставканы қабылдау не қабылдамау сол кісіні тағайындаған, яғни Елбасының шешімі болады. Оның қаралу мерзімі – 1 ай. Әкімшілік қызметкерлер туралы үлкен мәселе қозғалуда. Біз келесі жылы бір үлкен заңды сіздердің қарауларыңызға енгіземіз. Біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама ескірді. Ол қазіргі уақыттағы көптеген талаптарға сәйкес келмейді. Сол заңнаманың шеңберінде Сіз көтерген мәселені қарастырмақпыз», - деп мәлімдеген агенттік төрағасы Қожамжаров өз сөзін.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар