Бақыт жайлы

/uploads/thumbnail/20170710103123034_small.jpg

Бір кұдірет бізді өмірге жолдайды,
Біз өмірді түсінбейміз сол қайғы.
Туа сала таудай бақыт іздейміз,
Ал, шынында бакыт ондай болмайды.

Лүпіліндей тамырыңның шекеңнің,
Жеке сағат, жеке минут, жеке күн.
Үлгермейміз, түсініп те ұғып та,
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін.

Құс сияқты сезбейтін өз қанатын,
Бақыт - сәби білмейтұғын әлі атын.
Бақыт-бақыт ғажап бір дім ғана,
Сүйгеннен сон ерініңде қалатын...

Қатысты Мақалалар