Ресейде «өлімге апаратын жол» табылды

/uploads/thumbnail/20170710103240597_small.png

Амур облысы Тындин ауданының тұрғыны жақында ғана жөнделгенімен жолдың орманмен бітіп қалатын бөлігін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі Амур жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Қауіпті трасса Соловьевск ауылында орналасқан. Видео авторы дәл осы жолда көп жағдайда жол апаттарының орын алатынын айтты. Қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан көліктер орман ішіне қарай «ұшып» кететін көрінеді.

«Амур жаңалықтар қызметі» өңірлік порталының хабарлауынша, А-360 «Лена» трассасының бұл бөлігі 2016 жылы пайдалануға берілген екен. Жол қызметінің өкілдері «тығырық жол» болашақта осы жерді түзету мақсатында қалдырылғанын айтып ақталды және көлік жүргізушілері үшін тығырық екенін көрсететін арнайы белгілер орнататындарына уәде берді.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар