Бірнеше жыл бұрын 61 жастағы дәнекерлеуші Пол Гейлордтың өміріне қауіп төнді. Сүйікті үй жануары оның өліміне себепкер бола жаздаған. Полдың мысығы тышқан аулап орманға жиі кетіп қалатын. Полдың оны асырап алғанына көп уақыт болды. Бір күні мысығы бірдеңеге шашалып жатқанын көрген Пол оған көмектеспек болады. Ол иесін тістеп, қашып кетеді. Бірнеше уақыттан кейін дәнекерлеуші мысықты өлі күйінде тауып алды. Мысық бір аурудан өліп қалғандай көрінді.
Ол дерт бірнеше күннен кейін Полдың да өміріне қауіп төндірді. Оның дене қызуы көтеріліп кетті. Қолтығының астында лимонмен бірдей болатын ісік шыққаннан кейін туыстары оны бірден ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлер оны қарап шыққаннан кейін ортағасырда «Қара өлім» деп аталып кеткен бубон обасына шалдыққанын анықтады. Пол бірден ауруханаға бармаған. Соның салдарынан өмірімен қош айтыса жаздады. Пол 27 күнде комада жатты.
Полдың ішкі ағзасы бірінен кейін бірі өз қызметін тоқтатты. Бір аптадан астам уақыт оны жасанды бүйрек пен өкпеге қосты. Бірнеше мәрте жүрегі де тоқтап қалды. Дәрігерлер оны өледі деп ойлады. Алайда Полдың ағзасы мұндай сынаққа төтеп бере алды.

Дәрігерлер оның жасушалары өліп қалған аяқ пен қолының саусақтарын кесіп тастады.

Пол обаның үш кезеңін де жеңіп шыға алған аз адамдардың бірі. Ер адам бір ғажайыппен тірі қалғанын айтады. 21-ші ғасырда медицина қарышты қадаммен алға жылжып, дамығанымен бұл ауру әлі күнге дейін үлкен қауіп төндіріп отыр.

Мүгедектігіне байланысты зейнетке шыққан дәнекерлеуші тірі қалғанына қуанышты екенін айтады. Ол көп уақытын отбасымен, достарымен өткізеді. Қазір үй жануарын ұстамайды. Кешкісін гаражында пышақ дайындаумен айналысады. Қолындағы саусақтарының жоқтығы оның еңбек етіп өз нәпәқасын табуына кедергі келтіріп жатқан жоқ.

Аталмыш ауруды көбіне кеміргіштер таратады.
Дайындаған: Әсем Әлмұханбет