Үндістан тұрғыны Далджиндер Каурде 72 жасында дені сау ұлды дүниеге әкелді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz мәліметіне сүйеніп. Сәбидің әкесі – 79 жаста, ал анасы – толық 72 жаста.
Ерлі-зайыптылардың отау құрғанына 46 жыл, бірақ осы кезге дейін балалы бола алмағандарын айтты. 20 жыл өткен соң құрсақ көтере алмаған егде жастағы әйел ЭКО процедурасының көмегімен Армаан атты сәбидің анасы атанды. Баланың салмағы 2 келі болса да, дені сау.

Әлемнің ең кәрі анасы атанған Далджиндер нәрестелі болған емханада бұрын 66 және 70 жастағы екі әйел өз сәбилерін дүниеге әкелген.
Осыған дейін әлемнің ең жас босанған әйелі – уэльстік Эллен Эллис болған. 72 жаста өзінің 13-ші баласын 1776 жылы туды. Өкінішке орай, бала өлі болып дүниеге келген.
Аударған: Альмира АСЛАНОВА