Солтүстік Корея эболадан сақтанып, туристерге шекарасын жапты

/uploads/thumbnail/20170708155046793_small.jpg

Корея Халық Демократиялық Республикасы Эбола безгегінің таралуына байланысты шетел туристері үшін шекараны жабуды жоспарлаған еді. Солтүстік Кореяға жол 24 қазаннан жабылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл шаралар туралы Қытайда жұмыс істейтін бірқатар туристік агенттіктер арқылы жұртқа белгілі болды.

«Біз жаңалықты Пхеньяндағы әріптестерімізден естідік, бүгіннен бастап ол ел туристерді енгізбейді. Бұл Эбола вирусының таралу қаупіне қатысты сақтық шаралары» , - деп хабарлаған агенттіктердің бірінен.

Онда тыйым туристің қай елде болған-болмағанын тексермей-ақ, барлық туристерге қатысты қолданылатыны айтылған. Бұл тыйым қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.

ebola

Естеріңізде болса, кеше Эбола безгегінен әлемде қайтыс болғандардың саны 4877 –ге жеткенін  хабарлаған едік. Бүгін шыққан ақпараттар бойынша, АҚШ-та тағы бір адамның жаман дертті жұқтырғаны белгілі болды. Әзірге аталған дерттің нақты емі әлі табылмады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар