Телібеков: ұлттық пантеонның қаржысына үйсіздерге баспана берейік

/uploads/thumbnail/20170708155047603_small.jpg

Өлілерді емес, тірілерді жарылқауымыз керек. Осылай деген Қазақстан Мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков Астанада қоғам қайраткерлері жерленетін Ұлттық қорымның салынуына қарсы шықты деп хабарлайды КТК арнасы. Ол бұндай құрылыс салу ел бюджетін оңды-солды шашу деп санайды.

"Осындай жобаны шығарған шенділерді жазалау керек. Бұл деген нағыз қылмыс. Қарамайсыңдар ма қазір көшеде мыңдаған адам үйсіз, жұмыссыз жүр. Ауылда аш отырған балалар бар", - дейді Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков.

Шындығында ел үшін қызмет қылған азамат болса, оны ұлттық қорымға жерлемей-ақ есімі тарихтан ойып тұрып орын алатынын айқатн Мұсылмандар одағының төрағасы кеше ғана тағайындалған Астана әкімі Әділбек Жақсыбековке хат жолдап қойды.

Mola

Пантеонның құрылысы келер жылы басталады деп жоспарланған. Өткенде ғана оны салу үшін қазынадан 1 миллиард теңге бөлінгені туралы ақпарат шыққан болатын. 10 қазанда Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ақмола облысы мен Астана қаласының әкіміне Ұлтты пантеонның орналасатын жерін тездетіп анықтауды тапсырған еді.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар